Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.

Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%- ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әр түрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі. Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады.

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасы 65 пайыз судан тұрады.

Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап бер. (Ответьте на вопросы используя текст)

1. Терінің сұлулығын сақтау үшін не ішу керек?

A. шай

B. алма шырыны

C. таза су

D. кофе

[1 балл]

2. Суды дұрыс мөлшерде тұтыну жүрек аурулары қаупін неше пайызға төмендетеді?

A. 41%

B. 45%

C. 47%

D. 51%

[1 балл]

3. Адам ағзасы неше пайыз судан тұрады?

A. 55

B. 75

C. 45

D. 65

[1 балл]

4. Мәтіннің тақырыбын анықта:

А. Судың зияны

В. Судың пайдасы

С. Достық тақырыбы

D. Ас – адамның арқауы

[1 балл]



5. Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан ... шығарылады.

А. тұздар мен токсиндер

В. майлар

С. тер

D. су

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.