Сахна өнері дегеніміз – алдымен тәрбиенің ордасы, ұлттық құндылыққа сүйіспеншілікті қалыптастыратын мәдениеттің ең бір жауапты саласы болғандықтан, мұны идеологиялық құрал деу әбден қисынды-ақ. Өз ұлтының бойындағы бірлік пен ынтымақты, ерлік пен адалдықты, мейірім мен махаббатты жырлаушы һәм сол қасиеттерді рухына сіңіруші – театр өнері өзінің міндетін бір сәт те назардан тыс қалдырған емес. Алайда қазіргі ұрпақтың иығына артылар жүк бұрынғы сарыннан өзгешелеу. Көз үйреніп, көңіл иланған бұғаулы қоғамның тұсындағыдан әлдеқайда күрделеніп, бүгінгі ұрпақ еншісіне озық мәдениеттің өсу тенденциясы белгілеп отырған жоғары талғам мен талап сынына төтеп бере алатын қам-қарекетті қоса жүктеуде. Біреулер театр ешқашан саясатқа, идеологияға араласпай, таза өнермен ғана айналысуы керек деп, бастапқы тамырынан мүлде үзіп тастағылары келеді. Онда неге жұртты театрға келтіре алмай жанталасамыз? Жүрегін интернет жаулап алған кейінгі жастардың саналы, тәрбиелі болып өсуі үшін оларға сахна мәдениетінің ауадай қажет екенін айтып, неге мұнша өзеуреп әлекпіз? Шығармашылық адамы айналасынан бөлек қалай өмір сүреді? Өнер өмірдің өзегінен суырылып тумай ма? Ал мұның бәрі бола тұра, соны мойындай алмауымыз қалай? Осы тұрғыдан келгенде, театр – тәрбиенің нақ бесігі
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение: