AigeRima1993
Қалың орман ішіндегі көлде жүзген үш аққуды көру – сұлу құбылыс. Аққулар суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзіп, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққулардың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды ебіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс.
Answers & Comments