Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналады, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Суреттерге келер болсақ, балалар ұлттық ойын - тоғызқұмалақта сайысып жатыр. Мың бұралған биші қыздар би билеп, өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Алыс – жақын шетелдер мен еліміздің барлық аймақтарынан әртістер келіп, мерекелік концертке қатысып жатыр. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы үлкен отшашумен аяқталады.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Астана күні қалай тойланады?