Сыбырлайды жапырақ... Оларда да жан бар ма? – Орынды бұл сұрағың, Ойыңды әбден ұғамын... Адамнан еш аумайды Табиғаттың өзі де. Даласы бар, тауы бар, Бақшасы мен бауы бар. Жапырағы жайқалған Жасыл орман тағы бар! Қысы-жазы жауатын Жаңбыры бар, қары бар. Бәрінің де жаны бар. Не қажеттің бәрі де Табиғаттан табылар! ...Көресің бе, Күн, Айды, Ол да тірі сыңайлы. Кіндігі оның – Жер-ана, Тіршілікті құрайды! Адамға ұқсас мінезі: Ол да өзінше күледі, Ол да өзінше жылайды. Не сұрасаң, береді, Ол да сенен сұрайды. Табиғаттың тәртібі Кім-кімге де ұнайды. Кей қылығың жақпаса, Ол да сені сынайды... Ашуланса кенеттен, Бұзып шығып бөгеттен Тасқын болып құлайды... Енді, қызым, ұқтың ба? - Деп атасы сұрайды. Мақсұт Неталиев​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.