Ұсынылған эссе тақырыптарының бірін таңдаңыз, құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазыңыз.
120-140 сөз. Жазылу мәтінінде одағай сөзді қолданыңыз.
1. «Жаңа технология жетістіктері»
2. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»
Answers & Comments
1.
Жаңа технология – жетістіктер бастауы
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын байыптылықпен жүзеге асыру бүгінде баршаның басты міндетіне айналуы, бір жағынан жаһандану үрдісінен туындаған уақыт талабы десек, екінші жағынан, онсыз технологиялық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы терең өзгерістерді көзге елестетудің өзі қиын. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаларды табыстарымыздың берік кепіліне айналдырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату міндетін алға қойған болатын. Соған байланысты еңбек өнімділігін түбегейлі арттыру, өнімнің сапасын жақсарту бағытында инновациялық сипатқа ие өміршең бағдарламалар жергілікті жерлерде кеңінен қанат жайып келеді.
2.
Автор: Әзілхан Нұршайықов
Түсінік: Рымғали Нұрғалиұлы
Шынында да солай, әрине, бұл ақындық қиялдан туған үлкен мұрат. Ерлік дастаны - өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек.
Әзілхан Нұршайықов осы бір жайды терең барлап, өз шығармасын “Ақиқат пен аңыз” деп дұрыс атаған. Бауыржан Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір шындығында, сол шындықтың куәсі болған бас геройдың характерінде жатқандығы анық та ақиқат.
Бауыржанның даңқын алғаш кең таратып жіберген Александр Бектің “Волоколам тас жолы” атты романы болатын. Романның алғашқы бетін ашқанда-ақ, майдан картасын алдына жайып салып офицерлерге бұйрық беріп отырған Бауыржан бірден алдыңнан шығатын. Соғыс тағдырын, соғыс құпиясын жете түсініп, жүрекпен сезінбей тұрып шығарма жазам деушілік әурешілік деп, бірден тік кететін Бауыржан Момышұлы оқырмандарға сол бір мінезімен ұнаған-ды.