Қазақ хандарының саяси бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа біріккен мемлекет құру әрекеттері нәтижесіз аякталды. Хандықтағы сұлтандардың оқшауланып, дербес саясат жүргізуге ұмтылуы күшті болды.
Ал жүздер арасында татулық пен саяси байланыс нашар болды. Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы тіптен ауыр еді. Батыс жақтан Еділ қалмақтары мен Жайық казактары шапқыншылық жасаса, солтүстіктен Сібір казактары, Жайықтың ар жағынан башқұрттар, оңтүстіктен Бұхар мен Хиуа хандықтары үнемі қысым көрсетіп отырды. Ал басты қауіп шығыстан, яғни Жоңғар хандығынан төніп тұрды. Жоңғарлар - тарихи деректерде калмак немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Жоңғарлар чорос, дербент, хошоут, торғауыт сияқты батыс моңғол тайпаларының XVI ғасырдың II жартысында құрылған одағы болатын. Ал ХVII ғасырдан бастап Жоңғар хандығы ретінде Орталық Азияның тарих сахнасына шыққан еді. Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Екі ел де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан олардың арасында қақтығыстар да жиі болып тұрған.
Answers & Comments
Ответ: