Таңғажайып өрмекті
Тамашалап көріпті:
- Құтты болсын өрмегің,
Ерен екен еңбегің!
«Үйренейін», - деп келдім,
Болмаған соң ермегім.
Өрмекші айтты:
- Шыбыным,
«Ермек!» - деп жүр мұны кім?
Осы өнердің соңында
Келеді өтіп ғұмырым.
Тоқып келем ерінбей,
Қиындықтан жерінбей.
Өрмектің әр өрнегі
Теккен маңдай терімдей.
Болсаң егер үйренер,
Күнде біздің үйге кел!
Ерінбесең, алдыңнан,
Есік ашар қилы өнер.
Бастамақ боп бұл істі,
Шыбын дереу кірісті.
Бірақ көпке шыдамай,
Бір қонды да бір ұшты.
Шошаңдауын қоймады,
«Оп-оңай!» - деп ойлады.
Бір тоқып, бір отырып,
Өрмекпенен ойнады.
Торға шығып, ырғалды,
Бәлеге енді шын қалды.
Шатасты да маталды,
Шықпастай боп шырмалды.
Шыбынды сипатта
Answers & Comments
Ответ:
Шыбын: икемсіз, шошақай, істі аяғына апармайды, өзгелердің еңбегін төмен бағалайды.
Объяснение:
дұрыс деп ойлаймын!