Даурен111111 «Талаптың мініп тұлпарын...» - Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең ақынның сүйікті ұлы Әбдірахман өліміне арнап шығарған жан тебіреністі жырларының бірі. Ақын өнегелі іспен енер еріне құлаш ұрған жанның өжеттікпен алған биігін мақтан тұту арқылы сүйікті ұлының жарқын бейнесін жасайды. Петербургте білім алған баласының халық игілігі үшін қызмет ете алмағандығына құса болады. Дүние жалғанның опасыздығынан, құр сүлбісін сүйретіп шығып, өлексе өмір сүруге де болатындығын көкіректің пәлсапалық күңіренісімен дәлелдеді. Жалпы адамгершілік жолындағы небір қиян асулардың оңай еместігін және оған жалындаған жігер, топшысы берік төзім, ерінбей істер еңбек қажет екенін өлең жолдары арқылы өзгелерге өнеге ретінде ұсынады. «Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің, Бір ғылым еді іңкәрің, Әр қиынға сермедің...»- деген жолдардан Әбіштің бойындағы өжеттік көрінсе, екінші жағынан білімге, ғылымға деген құштарлық айқын аңғарылады. Өлең тұжырымынан қанша жерден қайғырғанмен тағдыр жазмышына еш қауқар жасай алмайтынын түсінген өкініш сезіледі. Өлең 6-8 буынды шапыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш ақынның 1933 ж. жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында текстол. өзгерістер кездеспейді. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған
Answers & Comments
«Талаптың мініп тұлпарын...» - Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең ақынның сүйікті ұлы Әбдірахман өліміне арнап шығарған жан тебіреністі жырларының бірі. Ақын өнегелі іспен енер еріне құлаш ұрған жанның өжеттікпен алған биігін мақтан тұту арқылы сүйікті ұлының жарқын бейнесін жасайды. Петербургте білім алған баласының халық игілігі үшін қызмет ете алмағандығына құса болады. Дүние жалғанның опасыздығынан, құр сүлбісін сүйретіп шығып, өлексе өмір сүруге де болатындығын көкіректің пәлсапалық күңіренісімен дәлелдеді. Жалпы адамгершілік жолындағы небір қиян асулардың оңай еместігін және оған жалындаған жігер, топшысы берік төзім, ерінбей істер еңбек қажет екенін өлең жолдары арқылы өзгелерге өнеге ретінде ұсынады.
«Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің,
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің...»-
деген жолдардан Әбіштің бойындағы өжеттік көрінсе, екінші жағынан білімге, ғылымға деген құштарлық айқын аңғарылады. Өлең тұжырымынан қанша жерден қайғырғанмен тағдыр жазмышына еш қауқар жасай алмайтынын түсінген өкініш сезіледі. Өлең 6-8 буынды шапыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш ақынның 1933 ж. жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында текстол. өзгерістер кездеспейді. Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған