тапсырма (120-бет) Мәтінді оқу, аудару, жазу.
Қадыр Мырза-Әлі (1935 – 2011)
Қадыр Мырза-Әлі – белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.
Ол 1935 жылы Орал облысының Жымпиты ауылында туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Жазушының 70-тен астам поэзиялық, прозалық кітаптары жарық көрді. Оның өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ақынның 200-ден астам өлеңі бар. Оның өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, фин, венгер тілдеріне аударылды.
Халық жазушысы 2011 жылы қайтыс болды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1) Қадыр Мырза-Әлі кім?
2) Ол қай жылдары өмір сүрген?
3) Жазушы нелерді жазған?
4) Сен оның қай өлеңін оқыдың?
тут надо на вопросы ответит по тексту помогите пж пж
Answers & Comments
2) ол 1935 ж- 2011ж аралығында өмір сүрген.
3) ол ағылшын,француз, неміс, поляк, болгар, фин өлеңдерін аударып жазды.ол 70тен астам кітаптарды жазды. Оның ішіне: поэзиялық, прозалық кітаптары.
4)О,тіршілік! Өлеңі
Не берсең де арнап бер,
Алтын балық ілінетін қармақ бер!
Бақыт бер де,
Бармақтай сол бақытты
Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Және дос бер, айтқанымды мақұл дер,
Жүйрік бер де
Соған шыдар тақым бер!
Мен жазбаған,
Жұрт жазбаған жыр сыйла,
Жүректерге соны ұғатын ақыл бер!
Мені күтіп тұрса алда биіктер,
Шапағатты шуағыңды құйып көр.
Абырой мен даңқыңды аяма,
Және соған майыспайтын иық бер!