September 2021 1 21 Report
Тапсырма. Aйтыскер ақын қандай болу керек деп ойлайсың?
Өз пікіріңді төрт сөйлем" тәсілін пайдаланып жаз

Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікірінді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікірінді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.




Нағыз айтыскер ақын домбырасыз айтыспайды. Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген. Біріншіден, ол — сөз өнерін жақсы меңгерген шешен, екіншіден, әнші, үшіншіден, домбырада шебер ойнайтын әртіс. Кез ке лген ақын айтыскер ақын болмайды. Өлең жазатын ақын көп. Бірақ бәрі суырып салып өлең айта алмайды. Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды, терең ойлы, ұтқыр жауап беретін, логикалық ой-лауы күшті жан болуы керек. Айтыста әдептілік сақталады.
Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан түрлі. Сондықтан ақын айтысқа түсу үшін көп іздененеді. Материал жинайды. Сол уақыттың жақсы-жаман жаңалықтарын меңгереді, ой түйеді. Айтыскер ақын өз елінің, туған жерінің тарихын, географиялық және этнографиялық ере-кшеліктерін, атақты адамдарын, салт-дәстүрін білуі тиіс. Өзімен айты-сатын ақынның кемшіліктерін, ұнамсыз мінезін білгені тиімді болады.
Оны қарсыласына қарсы қолданған. Майталман айтыскерге қойылатын талап бұрынғыдан күшеймесе, азайған жоқ. Себебі ақындардың сөзі қашан да халықтың сөзі болған. Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Айбек Қалиев сынды ақындар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрер-мендердің ықылас-ілтипатына бөленіп жүр.
Қазіргі кезде қазақтың айтыс өнері өте жақсы дамыған. Еліміз-де жақсы айтыс мектебі бар. Оның дәлелі ретінде айтыс мектебінің өкілдері — Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртайұлы, Сара Тоқтамысқызы, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков және т.б.
өнерлі, ділмарайтыскер ақындарды атауға болады.
Қазіргі кезде ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы жиі болады.
Ақындар қоғамдағы жағымсыз нәрселерді өткір сынап, сатирамен жет-кізеді. Айтыста арнайы қазылар төрелік етеді.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.