.Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 3 сұрақ жазыңыз. [5]

Мәтін
«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.


2.Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
Тарихи ескерткіштер
Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
– Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
– Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
1. Мәтінде неше адамның пікірі бар? [1]
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. [1]
А) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.
В) Толған ел — тарихын таспен жазады,
Тозған ел — тарихын жаспен жазады.
С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.
D) Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [2]
аймақ ________________________________________________________________
түйе _________________________________________________________________
шындық ______________________________________________________________
заман ________________________________________________________________
4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз. [3]

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.

1.
2.

2.
3.

3.

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. [3]
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Тапсырма
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,
көркемдегіш құралдарды, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді орынды
қолданып жазыңыз. [5]
1.Астана – мәдениет пен өнер ордасы екендігін дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін
жазыңыз.
2. Кез келген тарихи тұлға туралы эссе жазыңыз
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.