тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, күрделі сөздерді теріп жазыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.

Спорт - денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Жаны саудың – тәні сау», - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Бірінші байлық - денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек және күнделікті гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет. Футбол ойнау да, шаңғы тебу де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысуға жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқару да спортпен шұғылданғандай пайдалы болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп, ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы. Мұның бәрі қимыл - қозғалыстың салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді. (125 сөз)



Күрделі сөздер:_________________________________________​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.