тапсырма. Суретті пайдаланып, «Абай Құнанбаев - ойшыл ақын» деген
тақырыпқа диалог құрыңдар.
мәтінмен жұмыс
оқылым
-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Мәтін мазмұнын баянда.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясы ауыз әдебиеті
дәстүрлері негізінде, жеке ақындар шығарма-
шылығы арқылы дамыды. Абаймен бірге қазақ
өміріне, өнеріне, мәдениетіне жаңа бағыт келді.
Абай өзіне дейінгі ақын-жыраулардың шығар-
маларын жетік меңгерді. Сонымен бірге ол орыс
әдебиетімен танысты. Әсіресе Пушкин, Лермонтов
поэзиясын терең білді. Абай орыс әдебиеті мен
қазақ әдебиетінің арасына дәнекер болды.
Абай Семейдегі медреседе оқыған кезінде
араб, парсы, шағатай тілдерін меңгеріп, сауа-
тын ашты, Өзінің ерекше қабілеті мен зейіні, зор
ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де
меңгеріп алды.
Дана Абай әдебиетті көркемдік жаңа биікке кө-
терді. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтың шығар-
маларын қазақ тіліне аударды. «Татьянаның хаты".
«Онегиннің хаты», «Татьянаның сөзі», «Ленскийдің
сөзі» секілді өлеңдерін шығарды (Зәки Ахметов).​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.