тапсырма
Өлеңді мұқият оқыңыз.
Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Ә
Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.
1. Өлеңді қалай атауға болады? Өз атауыңды жаз.
2. Домбыраның қанша ішегі бар?
3. Хаһан домбыраны қалай жазалады?
4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?
Answers & Comments
2.Домбырады екі ішек бар
3.Шанағына қорғасын құйған
4.Әрине,дұрыс айтады
5.Яғни домбыра тарту білетіндер,домбыраны сыйлайтындар нағыз қазақ!