Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз:
Мен Алматы қаласында тұрамын. Қалам өте әдемі. Калада өте үлкен бизнес
компаниялары, саябақтар, мәдени орындар көп. Бұл калада көптеген ұлттар тату тұрады.
Қалаға Қазақстанның жастары көп келеді. Шетелден келген адамдар да осында білім
алып, жұмыс істейді. Қаланың түнгі көрінісі де өте әдемі.Менің атам мен әжем ауылда
тұрады. Бұл жердің табиғаты өте әдемі. Әсіресе, жазда жасыл жайлау, таза ауа, тұнық су,
әсем табиғатты тамашалауға болады. Мен жазда демалуға атам мен әжемнің ауылына
барамын, оларға шаруаға көмектесемін. Қала ауылсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан
ауылды көркейту керек. Қаланың табиғаты үлкен үйлерімен, жарықтарымен, зәулім
ғимараттарымен ерекшеленеді. Әсіресе, гүлзарлар қалаға ерекше сән береді. Қалада жеке
меншік көліктер, ірі зауыттар мен фабрикалар көп болады, сондықтан ауа тез ластанады.
Қалаға көптеп жасыл ағаштар егу керек. Ал ауылдың жөні басқа. Ауылдағы табиғат
жасанды емес. Ондағы жасыл желек, мөлдір бұлақ, таза ауа, жайқалған дала гүлдері
адамға ерекше көңіл-күй береді. Халқы жайдарлы, кең болады. Ауылдың кез-келген
мезгілі өте әдемі болады. Қазақта «Ауылым-алтын бесігім» деген сөз бар.
1. Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты тауып жазыңыз:
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат.
Быстрей умоляю! ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.