ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ

Ертеде аспан әлемі патшасының Күн мен Ай деген сұлу да ақылды қыздары болған екен.

Олар аспан әлемінің шырақтары болыпты. Екеуі шексіз аспан әлемінде серуендеп жүріп, шоқжұлдыздардың қозғалысын, кей аспан денелерінің қозғалу бағытын бақылайды екен.

Бір күні олар әкесіне келеді.

Күн: – Әке, адамға қайсымыздың пайдамыз көбірек? – дейді.

Ай: – Адамға қайсымыздың көмегіміз көп? – деп сұрайды.

Әкесі: – Оны адамнан сұрайық, – дейді.

Адам: – Екеуің де маған қымбатсыңдар! Екеуің де адамға қажетсіңдер! Мен сендерді бөлмеймін.

Күн, сен бүкіл тіршілікке жарық пен жылу бересің. Күн сәулесімен жасыл өсімдіктер өседі. Өсімдіктер оттегі шығарады. Оттегімен адамдар мен жануарлар демалады. Адамдар мен жануарлар, құстар өмір сүру үшін барлық азықты өсімдіктен алады. Күн, сенің жарығың мен жылуыңсыз жер бетінде өмір болмас еді!

Ай: – Мен туралы не айтасыз?

Адам: – Ай, сен де адам үшін маңыздысың! Ай, сен қараңғы түнде жарық бересің. Жердің серігісің. Сенің тартылыс күшің арқылы теңіз суы көтеріліп, толқын мен бу пайда болады. Бу бұлтқа айналады. Жаңбыр жауып, жер көгереді.

Күн мен Ай: – Екеуміз бірге бола алмаймыз ғой?!

Адам: – Екеуің де бізге керексіңдер. Сондықтан, бірің күндіз, бірің түнде қызмет етіңдер!

Мəтін мазмұнын нақтылайтын қорытынды.

Әкесі үшеуі аспан әлемін тамашалайды.

Әкесі екеуіне ақылын айтады.

Күн бүкіл тіршілікке жылу береді.

Бірі күндіз, бірі түнде қызмет етеді.

Ай қараңғы түнде жарық береді.

Артқа

Алға

 помагите пажалуста​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.