ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ
х
Мәтінді мұқият оқып,сұрақтарға жауап беріңіз.
Әлемдегі ең керемет кітапханалар
Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана.
2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт
жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. VІІ ғасырдан бастап XVIII ғасырға дейін
Сен – Галль аббаттық орталық деп есептелді. Шіркеу құрылысы 719 жылдан басталған. Бұл шіркеудің
негізін салған Ирландиядан шыққан Галль есімді монах еді. Кітапхананың кіреберісінде“ жанның
дәріханасы" деген жазу бар. Залдарда сансыз көп кітап сөрелері орналасқан. Сонымен қатар бұл жерде
сирек кездесетін қолжазбалар мен құжаттар арнайы сақталатын қойма бар. Оларды ұстауға немесе
суретке түсіруге тыйым салынған.
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырiнiң кітапханасы- адамдар тәу етіп келетін қасиетті
жер, сонымен қатар құнды архитектуралық ескерткіш, мұражай және сирек кездесетін кітаптар
сақталған кітапхана. Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар XII ғасырға
жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130 000 кітап сақталған.
Солтүстік Америкадағы Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар
кітапханасының негізі 1963 жылы қаланған. Бұл – сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған
әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының
48 данасы сақталған.
Сиэтл кітапханасы — АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл
әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004 жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион
кітап сыяды. Кітапханада оқу залдары, демалыс бөлмесі, балалар залы, дәрісханалар, қызметтік
орындар бар.
Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды?
. Кітапхана туралы қандай мәліметтер әсер қалдырды?
.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.