ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бөлек.
Answers & Comments
Объяснение: