Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккеніне, міне, биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, былтырдан бері бүкіл ел болып үлкен іс-шараларды атап өтіп келеміз. Бұл Қазақстанның өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тигенін көреміз. Біз бүгінге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз. Ең алғаш туын тіккен елдің болашағы қашанда бұлыңғыр болатыны белгілі. Ол үшін құрылмақшы болып жатқан елге білгір де қайратты, парасатты көшбасшылар керек. ХV ғасырдың ортасы Моғолстан, Әбілқайыр хандығы т.б. мемлекеттердің дипломотиялық байланысы шиеленісіп тұрған қиын кезең болатын. Дәл осы уақытта Әбілқайыр хандығына сыйыса алмаған Керей мен Жәнібек қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып шығып, Шудың бойына Қазақ деген хандықтың туын тігеді. Алғашында халқының саны әрең жететін хандыққа сырттан төнетін қауіптер шаш етектен болған. Дегенмен, жоғарыда айтып өттік емес пе? Бір адам бір елді құтқара алады, дәл сол уақытта да Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын түрлі қауіптерден қорғап, болашаққа қарай жылжуына, дамуына жағдай жасады.
Қазақ хандығының құрылуы бір оқиғамен және бір мезетте жүзеге асқан саяси үрдіс емес, керісінше, 10 жылдан астам уақытқа созылып, өз ішінде оқиғалардың дамуына қарай бірнеше сатыға бөлінген. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы — хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.
Қазақ хандығының жері бірнеше есе ұлғайып, халқының саны миллионға жеткен тұс – Қасым ханның дәуірі. Жалпы, қазақ үшін ең маңызды кезеңдердің бірі дәл осы тұс. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерге сүйенсек, Қасым хан 15-ші ғасырдың 70–90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлері үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректерде Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді.
Қазақ тарихында Қасым ханнан кейін де көптеген мықты хандар хандыққа билік жүргізді. «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағымен белгілі Есім хан, 600 әскермен 50 000 жоңғарға тойтарыс берген Жәңгір хан, қой үстіне бозторғай жұмыртқылаған заманды орнатқан және «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарған Тәуке хан, дипломатияны шебер пайдалана білген Абылай хан, ең соңғысы орыс әскерлерін тентіреткен Кенесары хандардың есімі қазақ тарихында алтын әріптермен сақталды. Бұлар хандық үшін көп еңбек сіңіргендер. Кейіннен Кеңес үкіметі орнаған тұста алашордашылардың көсемі Әліхан Бөкейхановтың, Қазақ КСР-ін 40 жыл басқарып, 40 қала тұрғызған Дінмұхамед Қонаевтың орасан еңбегі ерекше.
Кеңес үкіметі құлап, елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шықан бүгінгі Президентіміз Н.Назарбаев екені белгілі. Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында ішерге тамақ, киерге киім таппай қалған кезеңде осындай көшбасшымыздың болуы қазақ халқының бағы еді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 17 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. Сондықтан осы күнге шүкіршілік етуіміз керек.
Answers & Comments