Тауға саяхат жасауды жақсы көремін. Тауға шығайық деп жиі шақырып тұратын Эльвира деген досым да бар. Осы жолы Эльвираның шақыруымен Фурманов шыңына шығуға бет алдық. Досыма сенгенім соншалық, жолдың қаншалықты ауыр немесе алыс екені туралы ақпаратты да өз бетімше іздестірмеппін. Бірақ қанша қатты шаршасам да, барғаныма қуандым, табиғаттың сұлулығында сөз жоқ, сипаттап та бере алмаймын, оны тек көру керек. Суреттерді тамашалауларыңызға болады, дегенмен көзбен көргендей болмайтынын айта кеткім келеді.
Шынын айтсам, шаршадым деп, Фурманов шыңына аз жер ғана қалғанда, ары қарай бармай қалып қойдым. Досым шыңға шығып келді. Қайтарда жаңбыр жауып тұрды, бірақ сондай қатты су болмадық. Алматыға түссек, түк болмағандай күн ыстық, жарқырап тұр. Иә, төрт-бес сағаттық жер болса да таудың аты тау, ауа райы өзгеше.
Answers & Comments
Ответ: