Тақырып бойынша диалог құрай алады.
Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.
Тапсырмаларды орындай алады.

Жаңа сөздерді меңгерту
Шеберлік, данышпан, надандық, рақымшыл, сипатта
Өнерпаз, суретте, әділетсіздік, таңырқа, талаптан

Сұрақтар:
1.Бейнебаянда кім туралы айтылады? 2.Абай – кім?
3. Абайдың қандай шығармалары бар?

3 тапсырма 83 бет
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы.
Дескриптор:
1.Мәтінді толық оқиды.
2.Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Мәтін бойынша жоспар құр.
Абайдың әкесі — Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы — Ұлжан сабырлы, тапқыр адам болған.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында
оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет
оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал
бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули
сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен
шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи
бастаған.
Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты
өз бетімен кітап оқуға жұмсаған.

5 тапсырма 84 бет
Дескриптор:
1.Мәтін бойынша берілген диалогты толықтыра алады.
3.Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.

5-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
— ...............................................................................................?
— Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. ....................................?
— Абай он жасында Семей қаласына оқуға келген.
— .........................................................................................................?
— Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. .................................?
— Ол өте ұғымтал бала болған.
— ...........................................................................................................?
— Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың
шығармаларымен танысқан.

Не білгім келеді?
Не білемін?
Не білдім? сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс береді.


Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.