Алыстағы ауылда тұратын, өзін сағына күтетін қарт әке-шешесіне жылына бір рет, онда да курорттан кайтар жолда бір-ақ күнге соғатын, ертеңіне қалаға асығатын Сапабек ұлтымыздың дәстүр-салтынан кол үзіп қалған, перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін жан ретінде танылады. Жылына бір рет келгенін, азын-аулақ сәлем-сауқат әкелгенін ол өзінің ата-ана алдындағы борышын өтеу деп түсінеді. Қарияларға керегі — Сапабектің сыйлығы емес, жалғыз ұлдың амандығы, оның өздері қартайған мына мазасыз шақта қастарында болып, қамқорлық жасауы, жан жылуын төгуі. Ал бір күнге келген Сапабектің қариялардың халін сұрауға да уақыты жоқ, айтар әңгімесі де басқа: геология, асыл тастар сыры, шетел сапарлары, т.б.
Сағына күткен баласының болымсыз әңгімесіне көңілі толмаған Ерекең оның сөзін тоқтатып, ауылдасы Аспандиярдан ән айтуын өтінеді. Қарияның ендігі бір үміті — немересі Жеңісті алып қалып, тәрбиелеу. Бірақ баласы мен келіні ауылда “орыс мектебі жоқтығын” сылтау етіп, картты бұл қуанышынан да айырады. Әңгіменің соңы ертеңіне асығыс аттанған ұлымен қимай қоштасқан ананың көзіне жас алуымен, ал Ерекенің алаң көңілімен қи оюға кірісуімен аяқталады.
Әңгіменің түйіні де салмақты: ол- жастарды ата-ана алдыңғы борышын ұмытпауға үндеу, адамгершілікке шақыру.
Answers & Comments
Ответ: