"Қонақтар" әңгімесінің тақырыбы - адамның адамгершілік мәселелеріне арналған.Идеясы - баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы,қара шаңырақ.Автор өз көзқарасы арқылы отбасылық құндылықтардың жоғалып бара жатқандығын сыни көзқараста жазып,шығарма арқылы үлкен әлеуметтік мәселені көтерген.Оқиға басында Ерғабыл шал мен кемпірінің ауылдағы тіршілігі суреттеледі.Қарттардың баласын сағына күтуі.Қаладан баласы Сапабектің отбасымен ата - анасының үйіне келуі.Қарттың арманы - қара шаңыраққа ие ұлдың ауылда қалуы.Курорттан келе жатып,жылына бір соғып кететін баланың,оның әйелі Тома мен орысша сөйлейтін немересі Жеңіскеде әке көңілі толмайды.Соңғы үміті,немересін алып қалып,үйрету еді,ол ойыда ақталмады.Ерғабыл қарт - ұлттық болмыспен құндылықтарды сақтаушы,қара шаңырақты киелі ұғымдай қастерлеуші тұлға.Сапабек адам болмысының туа берілетін құндылығын - парыз,борыш ұғынып түсінбейтін,өз өміріне мәз бала.Әңгіменің көтерген тақырыбы ауыр болғанымен,сөз саптауы жеңіл,оқырманды өзіне баурап аларлық желісі мықты.Шығарма баланың ата-ана алдындағы парызын ақтауға,отбасылық құндылықтарды жоғалтпауға тәрбиелейді.
Answers & Comments
Ответ:
Төлен Әбдіков."Қонақтар".