Түбір сөз дегеніміз әрі қарай тұлғалық жағынан бөлшектенбейтін, сөздердің жаңа сөз жасауға негіз болатын түпкі қазығы, ұйытқысы.
Қазақ тіліндегі түбір сөздер тұлға жағынан да, мағына жағынан да өз алдына жеке, дербес сөз болады. Мысалы: ал, біл, айт, сөз, ec, ic, мал, xaт, тac, көп секілді сөздердің әрқайсысынан өз алдына туынды сөздер жасалады. Мысалы: біл, білім, білгір, білгіш, білдір, біліс, білімпаз т.б. Бұл сөздер бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Бір түбірден туған осындай туынды сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Түркі тілдерінде түбір өзгермейді, ал славян тілдерінде өзгеріске түсіп отырады. Түркілік түбір негізінен бір, кейде екі буынды болып келеді. түбірдің негізгі ерекшелігі ретінде толық мағыналылығы, тұлғалық сипатының өзгермеуі, әрі қарай бөлшектеуге келмейтіндігі аталады.
Түбірдің “әрі қарай бөлшектеуге келмеуі” – шартты ұғым. Мыс., қазіргі тіліміздегі тау, тас, тіл, сөз, кел, анық, асық, айт, бала, баға, тұр, жүр, жатыр, оқы, т.б. сөздер түбір ретінде танылады, ал тарихи даму жүйесінде бұл сөздер морфтарға жіктеледі. Түбір туынды сөз жасаудың негізгі ұйтқысы саналады. Түбір – негізгі морфема, өйткені өзге (көмекші) морфемада лексикалық мағына болмайды. Түбір жеке тұрып та, грамматикалық жағынан түрленіп те семантикалық дербес сөз болады, жеке сөздің қызметін атқара алады.
Answers & Comments
Ответ: