Театр мәдениеті деген не ? Қаланың қарбаласы түсінікті ... Көліктер кептелісі . Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп , сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыныз . Апылғұпыл киіміңізді өткізіп , көрермендер залына кіріп келесіз . Сахна жап - жарық , әртістер өз образында . Қысқасын айтқанда , сахнадағы өмір қыз - қыз қайнап кетіпті . Алдыңыздан театр қызметшісі шығып , бір орынды нұсқады : « Ана бір бос орынға отырыңыз ! » . Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ , жағдай да жоқ Аргы жақтағы бос орынға отырмақ боп , көрермендер арасынан өтіп барасыз . Сол кезде не естідіңіз Естімегеніңіз қалмады ғоіі , нә ?! Оларды түсінуге болады , сахна ауасымен тыныстап , сондағы тіршілікке еніп отыр . Кінә сізден ! ..
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз .
хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты,
Answers & Comments
Ответ:Хабарлы сөйлемдер:
Қаланың қарбаласы түсінікті...
Көліктер кептелісі.
Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз.
Апыл-ғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз.
Сахна жап-жарық, әртістер өз образында.
Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті.
Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр.
Сұраулы сөйлемдер:
Сол кезде не естідіңіз?
Бұл не жүріс?
Лепті сөйлемдер:
Кінә сізден!..
Тезірек өтіңіз!
Ана бір бос орынға отырыңыз!
Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?!
Бұйрықты сөйлемдер:
Тезірек өтіңіз! Бұл не жүріс? деген кейіген үндер.
Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!»
Объяснение:1тапсырма