aizhan222
Теңізші дегенде көз алдымызға көкпеңбек теңіз бен алып тұлғалы кемелер және ондағы офицерлер мен шағаладай самсаған ақ киімді матростар келе қалады. Әскери газетімізде Қарулы Күштердің сан саласы қамтылып жазылып келеді. Ал осы әскери саланың ішінде айрықша әрі бірегейі болып келетін теңізшілер туралы қанша айтсақ та аздық етпейді. Себебі, Әскери-теңіз күштері ерекше қуатты құрылым. Қарулы Күштер – әуе, жер, судан құралса, соның бірін теңізшілер құрайды. Теңізшімен сөйлессең мұрныңа теңіз иісімен қатар офицерлердің жүрек лүпілі мен теңіз шуылы келуі мүмкін.
Answers & Comments