April 2022 0 5 Report
Текст
Бүгін - Елнұрдың анасының туған құні. Елнұр анасына жыл сайын гүл шоғын немесе әтір ұсынатын. Ақшаны әкесі беретін. Ал бүгін әкесінен ақша алмады. Түсті қағаздан гүлдерді қиып, қағазға жапсырды. Анасына деген құттықтау тілегін жазды.
Кешкісін отбасымен мерекелік дастарқан басына жиналды. Бәрі туған күн иесіне сыйлықтарын бере бастады. Елнұр сыйлығын ұсынуға ұялып, тұрып қалды. Осы кезде ұлына анасының көзі түсты.
-Ұлым, саған не болды ?
-Анашым, мен сізге сыйлықты қолдан жасадым. Сыйлығымды беруге ұялып тұрмын, - деп Елнұр артына тыққан сыйлығын ұсынды.
Анасы құттықтау тілегін дауыстап оқыды.
Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен !
Айналайын, ана,
Туған күніңмен !

Шаттандырған мені
Ән қанатым – сен!
Құттықтаймыз сені
Салтанатыңмен!
-Ұлым, бұл Мұқағали Мақатаевтың өлеңі ғой
-Иә, анашым, біз мұны қазақ тілі сабағында жаттадық.
-Бұл – мен үшін ең қымбат сыйлық! – деді анасы.

Вопросы:
1. Елнұр анасының туған күніне қандай сыйлық әзірледі?
2. Ол неге ұялды?
3. Елнұр кімнің өлеңін жазған?
4. Бүл сыйлық неліктен анасына қымбат болды?
5. Сен анаңның туған күніне қандай сыйлық ұсынар едің?
Пожалуйста ответы на казахском языке из текста
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.