Текст к заданиям. ...Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз. Клубтың театрын алғамыз. Билет екі күн бұрын қыдыртып сатылған. Жетішатырдың қазақтары қандай тыраш: қатын-қалаш, бала-шағасымен келді — залға сыймай кетті. Мұндайда саналы жеңгейлердің де пайдасы үлкен тиеді ғой. Рәзия жеңгей неше түрлі тәтті нандар пісіріп, жеміс алып, баласының тойы болатындай қызмет істеген. Оспанбек ағайдың үйіндегі жеңгей де қоңыр қаздай байпаңдап, екі бөшке қымызды сатып, ақшаны көпіртіп алып жатыр. Қарындастарымыз да программа сатып, сымпылдап жүгіріп жүр. Мұқтаж шәкірттер кенелмеген не қалды? Жастардың тұңғыш журналы аяқтанбасқа не қалды?
Халық мұнша жиылады деген есте жоқ. Мына топты, анау қызметті көрген соң көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей жүр. Жұрт у да шу, мәзмейрам.Сауықты Наурыз мейрамына арнаған соң қазақтың ескі ырымын да істегенбіз. Сарқасқа құрт көжені тай қазанға жүздіріп, бұқтырып қойғанбыз. Ішіне жылқының басын салып, екі-үш табақ ет асып, үлкендердің алдына тартпақ болғамыз.Ойын басталмай-ақ, жұрт қымызға бас қойып жатыр. Жәлен сықылды мұғалімдер Наурызды түсіндіріп, жастардың талабын құттықтап, мінбеге шығып сөз сөйлеп жатыр. Біреулер: «Ата-бабамыздың жоралығын істейік» деп, төс қағысып, көрісіп жатыр. Ойын басқарушы Әбіжанда ес жоқ, кішкене жұтып келсе керек. Әбіжан болмаса, сауық осындай болар ма еді? Билетті дендеп өткізген, әйелдерге тамақты әзірлеткен, кілем, ыдыс, сайман бар жабдықтың бәрін тапқан сол. Әбіжан — мақтаншақ жігіт. Жарнамаға, программаға «Басқарушы» деген аты жазылғаны Әбіжанға зор атақ. Әбіжанның таныс емес адамы жоқ, құрдасы емесі тағы жоқ. Ол жұрттың бәріне еркін. Берсе қолынан, бермесе жолынан тартқандай ғып алады. Оның ойыны қайсы, шыны қайсы екенін адам да білмейді. Ойынды Әбіжандай кісі басқарсын...
(Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесінен үзінді)​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.