текст: Мамандығым мақтанышым.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Мен өз армандарыма қол жеткізіп келе жатырмын. Алғашқы арманым әрдайым сабақты бес деген бағамен оқу еді. Ол арманым орындалып келе жатыр. Ендігі арманым мектепті қызыл дипломмен бітіру. Сосын өзім қалаған мамандық саласында оқу. Мен өскенде дәрігер болуды қалаймын. Егер ол арманым да орындалса, менен бақытты адам жоқ шығар бұл өмірде! Себебі өмірде қаншама жетімдер және ауыру жандар көп. Егер мен өскенде дәрігер болсам, сол ауыруларды емдеймін. Қол ұшын созып, ақ халатты абзал жан боламын. Адамдарды емдеп, разылығын алғым келеді. Әрине, халқыма қызмет жасап бір көмегім тисе ол жақсы болар еді. Барлық адамның өз еліне қосқаны болу қажет. Ол үшін аянбай еңбек ету керек. Турасында әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Менде өз елімнің патриоты болғым келеді. Елім мен отбасымның мақтанышы болу үшін еңбек етемін. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін!
задание: Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.
Олардың қай шақта тұрғанын белгіле.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.