Текст на русский менің отбасымның сыртқы келбеті.100 баллов

Менің отбасымның сыртқы келбеті Менің отбасым үлкен. Алты адам тұрамыз. Атам, Әжем, Әкем, Анам, Мен және қарындасым. Дегенмен біз бір-бірімізге онша ұқсамаймыз. Мен атама ұқсағанмын. Менің атам орта бойлы, онша толық емес, шашы мен сақалы ақ. Қөздері үлкен, қара. Адамға қарағанда көзі өтлір, тіке қарайды. Атам бір аяғын сылтып басады. Соғыс кезінде аяғына оқ тиіп жарақаттанған. Әжемнің бойы алас, толық, шашы онша ұзын емес, ақ шалған. Жазық маңдайлы,пұшық мұрынды. Құлағы үлкендеу. Ол басына орамал байлап, құлағын орамал сыртына шығарып,шаруаға кіріседі. Мұндай кезде әжемнің құлағы тіпті үлкейіп кеткендей көрінеді. Атам мен әжемнің беттерінде әжім көп. «Әжім біраз өмір сүріп, қиындықты көп көргендікті аңғартады», - деп түсіндіреді әжем оны. Ал анам – өте сұлу адам. Бойы онша ұзын емес, дене бітімі арықша. Ол кең маңдайлы, көздері үлкен, қыр мұрынды. Оның шашы ұзын,түсі қара. Анам шашына шолпы тағып, кұлағынан сырғасын тастамайды. Ол әсемдік бұйымдар анамның түрін одан бетер сұлуландырып тұрғандай. Отбасымызда менен гөрі қарындасым әдемілеу дейді көршілер. Солай шығар, себебі ол анама қатты ұқсайды.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.