ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
Мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.
А мәтіні
Қазақ тілі
Мағжан Жұмабаев
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Ә мәтіні
Алаш қайраткерлері қазақ тілі туралы
Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы: Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді», - деді. Қазақ АҚСР-і орнағаннан соң, 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі шақырылды. Осы съезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өгертілген, ресми түрде қабылданған әліпбидің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды. А.Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «оқу құралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда шығарылса, кейін 7 рет қайта басылады.
Мәтіндердің жанрын aнықтаңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырат.
Answers & Comments
Ответ:
1)Магжан Жумабаевтын Акыл создеры
2)Эссе (Алаш Кайраткерлеры туралы)