sgrbaevainboxru
1)Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
3 votes Thanks 5
sgrbaevainboxru
2)Мим — қысқа әрі тосыннан шығарылған сатиралық бағыттағы антикалық халық театрындағы комедияның бір түрі.
sgrbaevainboxru
Мистерия — орта ғасырдағы батыс-еуропалық діни театрдың бір жанры. Мистериялық қойылымдар қала көшелерінде қойылатын болған. Мистерияның сюжеті Библия мен Евангелиядан алынып, тұрмыстық комедиялық жанрда қойылымдар дайындалатын болған. Бұл театр өнерінің түрі 15 ғасырдан бастап жандана бастады.
sgrbaevainboxru
Моралите — XV—XVI ғасырларда пайда болған, кейіпкерлер әр түрлі адамгершілікті және жағымсыз қылық иелерін сомдайтын батыс-еуропалық ғибратты аллегориялық драма.
sgrbaevainboxru
Фарс — 1) XIV—XVI ғ.ғ. орта ғасырдағы батыс-еуропалық халық театрындағы тұрмыстық мазмұны таяз комедия 2) XIX—XX ғ.ғ. сықақты-комедияға негізделген жеңіл мазмұнды күлдіргі қойылым.
sgrbaevainboxru
Феерия — фантастикалық қойылымға негізделген әсерлі қойылатын театр жанрының бір түрі. Феерия жанры XVII ғасырда Италияда пайда болған.
sgrbaevainboxru
Флиаки — III—IVғ.ғ пайда болған Ежелгі Грекиядағы халықтық театрлық көрсетілім. Құдайлар мен батырлардың қызықты бастан кешкен оқиғаларын сахналайтын, күнделікті өмірден алынған шағын импровизациялық әзілді қойылым.
sgrbaevainboxru
Водевиль— ән шумақтарымен және би қимылдарымен қойылатын комедиялық пьеса әрі драмалық өнер түрі.
sgrbaevainboxru
Оперетта — музыкасыз диалогқа құрылған жеке музыкалық театрлық қойылым. Оперетта күлдіргі сюжетпен жазылады да, операдан шағын болады.
sgrbaevainboxru
3)«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера — Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.
Answers & Comments