Тест сұрақтары
1.Заттың сандық мөлшерін білдіретін сөз табы.
А) зат есім
Ә) сын есім
Б) сан есім
2.Қай сөйлемде сан есім бар?
А) Сен келгелі шай қайнатым уақыт болды.
Ә) Кешегі келген кім еді?
Б) Жігіттің екі сөйлегені- өлгені.
3. «-ау», «-еу» қай сан есімнің жұрнағы?
А)реттік
Ә)жинақтық
Б) болжалдық
4. Қайсысы болжалдық сан есімнің жасалу жолына келмейді?
А)-даған ,-деген
Ә)-ларда, -лерде
Б)-ау,-еу
5. «-ыншы,-інші» жұрнағы қандай сан есімге жалғанады?
А) реттік сан есім
Ә) болжалдық сан есім
Б) есептік сан есім
6. Қай қатарда сан есімге тән сұрақтар дұрыс берілген?
А) нешеу, қашан
Ә) нешеу, нешінші
Б) қалай, нешеу.
7.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 5
Ә) 4
Б) 6
8. Бес-бестен қандай сан есім?
А) есептік
Ә) реттік
Б) топтау
9. Төртеуі түгел келді. Қандай сан есім бар?
А) болжалдық
Ә) жинақтық
Б) реттік