Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Демек, ежелгі адамдар біздің ғаламшарымызда кеңінен таралып тіршілік еткен. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар, сөзсіз, адамдар туысынын өкілі болып табылады. Олар бұдан бұрынғы 1 млн — 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Олардың қазба қалдықтарын 1890 жылдары нидерландтык ғалым Э.Дюбуа Ява аралынан тапқан. Олардың бойы 160 см-дей болтан. Оның қазіргі адамдардан ерекшелігі — бас сүйегінің маңдай бөлігі артқа қарай жазық, тайқы, қасүсті доғалары алға қарай шығыңқы, астыңғы жақ сүйектері үлкен және ірі, иегі шығыңқы емес.Ежелгі адамдар белсенді тіршілік еткен: аң аулаған, өсімдіктерді, етті кесуге арналған қарапайым күралдар жасаған. Олар топ болып өмір сүрген — осылай жауларынан қорғану, азық табу, аң аулау, тұрғынжай салу оңай болған. Кейбір табылған қалдықтар олардың отты пайдалана білгенін дәлелдейді.
Answers & Comments
Ответ: