Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.
Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс кезінде қауіпсіздікті 14 мың полицей, 17 мың әскери маман қадағалаған.
Ойындарда барлығы үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің спортшылары иеленді.
Қазақстан 12-орын алып, Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина сияқты елдерді артқа тастады. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды алды, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді.
Олимпиада алдында Қазақстанның бокстан олимпиада құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «бір алтын, бір күміс, бір қола жүлде аламыз» деген жоспарын айтқан.
Лондонда 69 килограмм салмақ дәрежесінде Серік Сәпиев - алтын, 81 килограмм салмақта Әділбек Ниязымбетов - күміс, + 91 килограмда Иван Дычко қола медаль алды.
Бұған дейінгі олимпиадаларда 69 килограмм салмақ дәрежесінде Серік Сәпиевке дейін Бақтияр Артаев (2004 жылы), Бақыт Сәрсекбаев (2008 жылы) чемпион атанған еді.
Алтын алған соң Серік Сәпиев Лондондағы қазақ ауылында баспасөз мәслихатын өткізді.
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - боксы халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006). Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
sevinch31122004
Оценка беріңіз бірінші сосын тағы біреу ответ жазса төбеде выбери лучший ответь тұрады менің ответімнің үстіндегі лучший ответь басып коясыз .
Answers & Comments
Ответ: