Тірек сөздер арқылы берілген қосымша ақпаратты мәтін мазмұны бойынша орналастыр.

Біз өмір сүріп жатқан әлем – Жер планетасы ғажайыпқа толы. Он сегіз мың ғаламның қай бұрышы болмасын, өзіндік бір болмысымен ерекшеленеді. Адамзат осының барлығын әуелден-ақ қарап, тізбектеп кетті. Сөйтіп олардың тоқталған саны жеті болып жеті кереметті атады.

Ал Қазақстанның жеті кереметіне не кіретінін білетін бе едіңіз?

Қазақстанның жеті кереметіннің бірі – Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сегізінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл – сарайлар мен ғибадатханалардың кешені, орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) – XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақын. Біздің заманымызға дейін оның әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады.

233 жылдан кейін Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде, өте қысқа мерзімде бой көтерген! Кесене портал және күмбездерден құралған тікбұрышты ғимараттардан тұрады. Аркалы порталдың биіктігі – 37,5 метр, басты күмбездің биіктігі – 44 метр, диаметрі – 22 метр. Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлының, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.

Кесененің ең үлкен залында көнеден келе жатқан киелі зат – қола тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы – 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы – 2 тонна. Аңыз бойынша, тайқазан Қарнақ ауылында сирек кездесетін жеті металдың қорытпасынан жасалған. Тайқазан – түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі. Сенім бойынша, одан су ішкен құлшылық етуші жамандықтан тазарады.

Түркістанға жол тартқан кез келген құлшылық етуші адам, түркі елдерінің рухани тәлімгері, артында қалған ұрпағы «Далаға Ислам жарығын әкелуші» деп бағалайтын, танымал Әзірет Сұлтан жерленген, Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерген күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес деседі.

Әмір Темірдің бұйрығы

металдың қорытпасынан жасалған

жамандықтан тазару

тікбұрышты ғимарат

қола Тайқазан







Я ДАША ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.