тірек сөздерді қолданып біз салт жасадық тақырыбында шағын мәтін жаз мәтінде а) қандай салат жасағаныңды ә) ол үшін дүкенненне сатып алғаныңды б) кімнің не істегенін жаз Мәтінде мезгіл үстеуоері мен мекен үстеулерін қолдан Тірек сөздер салат жасау, сатып алу, жуу ,турау, аршу, араластыру, дәмді
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Біз салат жасадық.
Бүгін әпкем екеуміз сабақтан ерте келдік. Сабағымызды оқып, үй жинастырып үлгердік. Сосын кешкісін ата-анамызға тосынсый ретінде салат жасайық деп шештік. Көп ойланып, ақырында анамыздың сүйікті «қысқы» салат («Оливье») жасайтын болып шештік. Үйде көк бұршақтан басқа қажетті азық-түліктің барлығы да бар екен. Сонымен, мен дүкенге барып көк бұршақ сатып алдым, ал мен келгенше әпкем картоп пен сәбізді аршып, жуып та қойыпты. Сосын барлығын үлкен ыдысқа салып, бір қайнатып, пісіріп алдық. Піскен көкөністерді турап, оларға қақталған шұжық (колбаса) пен тұздалған қияр, жұмыртқа қостық. Ең соңында көк бұршақ пен майонез қосып араластырдық. Дайын салатты кешкі асқа дейін тоңазытқышқа салып қойдық. Ата - анамыз келіп, кешкі аспен қосып өзіміз әзірлеген салат жедік. Өте дәмді шығыпты. Ата – анамызды да бір қуанып қалды.