Азамат – деп ата-анасына, еліне, халқына адал, туысқанға бауырмал, ізгі жанды айтады.
Азамат – деп қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жолы деп сүйген, Отаны үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перезентін айтады.
Азамат – деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.
Азамат – деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.
Азамат – деп алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туды құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлып айтады.
Бір сөзбен айтсақ, қазақтың азамат туралы ұғымы – ресми ұғымнан кең. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде жатыр, әлемдік рухани, гуманистік құндылықтарда оның қайнарлары бар.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
Осылай