Термин (лат). terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
из интернета
Ответ:
атаулы сөз , бірақ атаулы сөздердің бәрі термин сөз бола бермейді