9 ақпан – Халықаралық тіс дәрігері күні. Бұл мереке жылдан жылға кеңінен танылып келеді. Бұл дәстүр 249 жылы дәл 9 ақпан күні қайтыс болған Аполлония есімді қыздың құрметіне тойлана бастапты. Аполлония – александриялық шенеуніктің қызы, сол кездегі көпқұдайлылықтан бас тартып, христиандыққа бет бұрған. Сол үшін билік оны ауыр азапқа салып, өлтірмек болады. Ал ол кісендерін шешкізудің айласын тауып, өзі отқа секіріп өледі. Кейінгі ұрпақ Аполлонияның бұл қадамын христиандық ерлік деп бағалап, оны қасиетті адам деп таныды. Және оның есімін атаса, тіс ауруы басылатына сенген. Бұл күн тарихының біздің елге маңыздылығы шамалы болғанымен, тіс күтімі әрқашан өзекті болмақ. Сондықтан назарларыңызға ақ маржан тісті сақтау құпияларын ұсынамыз. Тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан келесі құралдардың көмегімен тазартып тұру қажет: 1. тіс щеткасы 2. тіс пастасы 3. тіс жібі (флосс) 4. ауызды шайқауға арналған сұйықтық Тіс щеткасын қалай пайдалану керек? Тісіңізді кем дегенде күніне екі рет тазалау қажет. I. Таңғы астан кейін таңертең. II. Түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты қабылдаған соң.
Answers & Comments