nuraimuhametka
Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде... Түлкі: - Осы Түйені жесек қайтеді? – деді. Қасқыр: - Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой! Түлкі: - Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді. Түлкі: - Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап, Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады. Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып; - Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді. Түйе: - Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе. Түлкі: - Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды. Түйе: - Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді. Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды. Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады. Қасқыр: - Жеме, Аю ұрсады. Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып: Аю: - Ішек қайда? Деп ақырады. Түлкі: -Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік. Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді. Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай: Аю: - Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі. Түлкі: - Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен. Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.
Answers & Comments
Түлкі:
- Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
- Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
- Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
- Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
- Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді.
Түйе:
- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
- Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.
Түйе:
- Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.
Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.
Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.
Қасқыр:
- Жеме, Аю ұрсады.
Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:
Аю:
- Ішек қайда? Деп ақырады.
Түлкі:
-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік.
Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.
Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:
Аю:
- Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі.
Түлкі:
- Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.
Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.