Түлкі мен ешкі.
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
-Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың?-депті.
-Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтан өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, -депті.
Мұны естіп ешкі: " Мен де салқындайын, әрі су ішейін ", -деп ойлап, секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
"Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар" деген сөз осыдан қалыпты.
  Перевести текс 

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.