1941 – 1945 жылдары орын алған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыс болып тарихқа енді. Биыл бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына жетпіс алты жыл болды. Дегенмен, бұл соғыстың ешқашан ұмытылмайтыны анық. Себебі жеңіс оңай келген жоқ.
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ. Біз соғыс туралы тек ата-іжелеріміздің естелік әңгімелерінен, оқулық кітаптардан білеміз. Сондықтан соғыстың ызғарлы желі енді соқпағанын тілейміз! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Себебі мен соғысты жек көремін!
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Жеңіс күні.