Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Мәтінді оқыңыз:
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген. Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген», - деп жазады.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек - Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар:
1.
2.
2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.
3. Мәтіннен ұлттық қолөнер туралы 2 тірек сөзді жазыңыз
_____________________________________________________________________________
4. «Абай – лирик ақын» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
ПОМОГИТЕ СОР!!!!!
Answers & Comments
Сұрақтар:
1) Қазақтарда қандай ұлтық киімдер бар?
2) Ою-өрнек деген не?
Негізгі мәселе: Оқырмандарға қазақ даласындағы қолөнер жайлы мәлімет беру.
Қолөнер тірек сөздер: Ою-өрнек , әшекей