Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Ертеде ата-бабаларымыз төрт түлікті бағып, баптап, күн көріс жасайтын болаған. Төрт түлік малдан адам өміріне қажеттің бәрі бар. Төрт түліктің бірі сиыр, ол сүт, ет береді. Сүттен түрлі сүт өнімдері жасалады: қатық, айран, сары май, құрт, ірімішік. Бұлардың барлығы денсаулыққа қажетті пайдалы заттарға бай. Етінен түрлі ет тағамдары жасалады. Түйе-бұл өте шөлге төзімді жануар. Түйенің тұрған бойындағыбарлық заттары қолданысқа жарайды, сүтінен-шұбат, жүнінен түрлі тоқымалар, етінен ет тағамдарын, тіпті қиларын отқа жағуға пайдаланады. Қой мен ешкі олар да өте пайдалы жануарлар. Еті, сүті, жүні-бәрі адамға қажет. Міне, төрт түліктің адам өміріндегі орны.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: