Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын
ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіпті аттамасын деген
ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге
қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы
кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау
кесушіге кәдесін береді. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары,
сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Адал болсын деп
ала жіптен де жасайды. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер
шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті
тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Балаларға өлең, жыр, тақпақ,
жаңылтпаш айтқызады.
10-сұрақ. Мәтінге ат қойыңыз.
А. Тойға шашу
B. Балалар жыры
С. Ауылдағы той
D. Тұсау кесу тойы [1]
11-сұрақ. Сөйлемді толықтырыңыз.
Тұсау кесушіге ..... .......
А. кәде береді
B. бата береді
С. жіп береді
D. ойыншық береді [2]
12-сұрақ. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.
А. Ұрпақ, тағам, тілек
B. Алғашқы, шашу, ойын
С. Сәби, дәстүр, шашу
D. Адалдық, қадам, өлең [2]
Answers & Comments
11 сұрақ: А
12 сұрақ:С