Ерік бостандығы — адамның өз болмысын меңгеріп, ерік-жігері арқылы табиғи және әлеуметтік шектеулерді еңсеріп шыға алу қабілеті. Философияда бұл ұғымды адамның таңдау мүмкіндігін жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырады. Адам баласы тумысынан еркін, өз тағдырын өзі шешуге тиіс. Бірақ оның көздеген мақсаттарына жету жолында әр түрлі кедергілер кездеседі. Әрине, дұрыс таңдау, әрекеттік шешім қабылдау үшін білім қажет. Ерік бостандығы — істі біле отырып, шешім қабылдау қабілеті. Алайда, Ерік бостандығы көп жағдайда түйсіктік-тылсымдық деңгейде жүзеге асады.
Answers & Comments
Ответ: