Ответ:Тәуелсіздік - ту етер, Тәңір сыйлаған жаныма жақын, құлағыма жұмсақ естілетін, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған бақ құсы. «Елім егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар өтіп, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың ақылы жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Алайда, аштық, соғыс, талас-тартыстардан әбден азайып, әлсіреген ұлтымызды соңында орыстар отар етті. Қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заманды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы адыра қалып, «отыр» деді отырдық, «соғыс» деді соғыстық, бұйрығына бағындық. Амал нешік... Отар болдық екен деп қазақтың қанында қайсарлық өшкен жоқ, күш-қуат азайған жоқ. Есімізге түсірсек, сонау майдан даласында да өзінің өжеттігін көрсеткен қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қайратты жігіттері Бауыржан мен Қасымдар естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі аңыз! Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік, алайда, сүйініш ұзаққа созылмастан қазақтың басшылығына орыс келетінін естіген ел тыныштала алмады. Кешегі саф алтын рухты «сақтың» ұрпағы ұрандап тағы да алаңға шықты. Асан қайғы бабамыз іздеген жерұйықты армандаған жастардың арманына ешкім тосқауыл қоя алмады, қырылды, тартысты, қан төкті, жан берді, түбінде азаттыққа қол жеткізді. Бабаның арманын бала орындап – Қазақстан Республикасы болып, өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайладық.
Біз –бақытты ұрпақпыз... Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.
Әлем картасының бетін ашқанда тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыз күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кірді. Балаларға әжелері айтатын кешегі «Ер Төстік» сияқты еліміз күн санап жетіліп, туын, елтаңбасын, әнұранын, ата заңы мен теңгесін енгізіп, тәуелсіздік тұғырында еліміздің астанасы жаңа Астана қаласы бой көтерді. Аздаған жыл ішінде Азияда, Саммит т.б үлкен іс-шаралар өткізіп жер шары халқының мойнын өзіне бұрғызды. 70 жыл отарға дейін Алласынан жаңылмаған, дәстүрінен шатаспаған, тілін шұбарламаған ұлтымыз, тәуелсіздік таңдарында қазақ тілінің мәртебесін де көтеріп келеді. Тәуелсіз еліміздің осындай жетістіктері мына біздер сияқты, жас ұрпаққа ұмытылмас тарих екені сөзсіз.
Answers & Comments

Объяснение: