aruzhankuanysh06
Тұсау кескен адамдардың ішінде желаяқ жүйріктер де, майталман шешен шежірешілер де, алып күштің иесі батыр-палуандар да, елді аузына қаратқан сылдыр көмей, жез таңдай, ақын-әнші, даңғайыр күйшілер де, ерекше қасиетті әулие адамдар да, аузында иманы, қолында құраны бар молда-қожалар да болған... Мал сойылып, тоқ ішекті сәбидің аяғына орап байлайды да, тұсау кескен адамға берілетін сый-сияпатты анасы баласының қолына тығып қояды.
Тұсауын кесуге дайындаған баланы (ұлды) әкесі ортаға тұрғызып, (тұра алмайтын баланы қолтығынан демеп ұстап) дуалы ауыз ақсақалдардан бата сұрайды. Сонан соң тұсау кесетін адам қолына дайындалған кездікпен, яки пышақпен әкесі алдына әкеліп тұрғызған ұлдың тұсауын кеседі.
Тұсау кескенде кездіктің жүзін өрге қаратып, астынан үстіне қарай өзіне қарай тартып, «лып» еткізіп кесетін болған. Егер пышақтың жүзін төмен қаратып (астынан үстіне қарай) кессе, бала жерден басын алмайтын ынжық, өңез болып өседі деп ырымдаған. Сондықтан еңсесін тік ұстайтын, ешкімге кеудесін бастырмайтын, өршіл, ұлттың рухын жалғайтын, ер мінезді ұрпақ болсын деген ақ тілекпен пышақ жүзін жоғары қаратып «Биссмилла» деп кеседі. Тұсалған ішек кесілгенде баланың аяғынан түсіп қалуы керек...
Тұсау кескен кезде жиылған топ ортасында домбырасын сарнатып арнаулы тұсаукесер жырын жырлайтын өнер адамы да белгіленіп қойылады. Ондай болмағанда тұсау кесуші көкірегі даңғыл, көпті көрген от тілді, орақ ауызды адам болса, өзі-ақ сарнатып, тұсаукесер жырын айтып, тұсауы кесілген баланың жолына жайылған кілем, кілше, торғын-торқа аяқжолмен тәй-тәйлап қадам бастырып, қойнындағы жол-жоралғысын алып, рақметін айтып, батасын беріп жатады... егер аяғын басқан бала болса, онда оны жүгіртеді. Жығылып сүріне беретін баланың тұсауын кесетін де жосын бар. Мал соя алмаған адам жіппен болса да тұсауын кестіріп, «ала жіп аттамайтын» абыройлы, адалынан еңбек етіп, адал ас ішетін, ақ пен қараны жыға танитын, әділетшіл, асыл адамдық қасиетке бай адам болсын, қастандықтан, дау-дамайдан аулақ, жолы ашық болсын деген тілекпен тұсауын ала жіппен де кескен.
Кей ата-ана «баламыз көк шөптей көгеріп өссін, ұрпақты үрім-бұтақты болсын!» деген тілекпен көк шөппен де кескен. Алайда шөпті жұлмайтын халқымыз бұл жосынды өте сирек қолданған. Мейлі, қандай жағдайда болсын, тұсаукесерге баланың аяғына тұсалған зат кескен кезде баланың аяғынан өздігінен түсіп қалуы шарт. Ол баланың аяғына байланған қалпы кетсе, тұсауы кесілгендік болмайды. Сондықтан бұған ерекше мән берген жөн. Тағы бір жайт, әдетте, қарала жіпті біздің халқымыз онша қалап кетпейді. Адамдар қарала жіппен белін бумайды. Жолға қарала жіпті көлденең тастамайды. Халқымызда «ала жіптің жолы ауыр» деген түсінік қалыптасқан.
Ал, ала жіптің қолданатын орны да бар. Билерден әділ билік күткен даугерлер билердің дауға шешім жасайтын билік айтатын сәтінде қарала жіпті керіп ұстап отыратын болған. Әділ шешім жасалып, билікке көңілдері толса, даугерлер қарала жіпті қиып, «Дау тиылды, бітістік, ымыраға келдік» дегенді ұқтырған. Демек, қарала жіпті даулы екі жақтың даугерлері қолданған.
Answers & Comments